Түркістанда жол сапасын нашар тексерген 4 компания лицензиясынан айырылды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында сапасыз салынған жолдар қайта салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық сапа орталығы бірнеше мердігердің жұмыс барысындағы «шалалығын» әшкере етті. Орталық инженерлері биыл облыстық жолдарға 734 рет тексеруге шығып, 2581 сынама алған. Оның 767 нормаға сай болмай шықты. Бас-аяғы 444 ақау анықталған.

Нәтижесінде мердігерлер 328 млн 966 мың теңгенің жұмысын қайта істеуге тура келген. Айталық, 37 мың шаршы метр жолдың негізгі қабаты қайта салынып, 70 мың шаршы асфальт қайта төселген. 25 мың шаршы метрге жуық жол төсемі тегістелді. Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалы мамандары құрылыс жұмыстарына немқұрайлы қараған техникалық қадағалаушыларды да анықтап, өңірлік сәулет және қалақұрылысы басқармасына 7 бірдей хат жолдаған. Осының салдарынан 4 техқадағалаушы компания лицензиясынан айрылды.

Еске алсақ, бұған дейін Шымкентте қар жауып жатқанда асфальт төселгені туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар