Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыз каналға құлап кеткен

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыз каналға құлап кетуі мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық полицейлер бірнеше күннен бері Інжу Ескерместі іздеп жатыр. Тәртіп сақшыларына қала тұрғындары, еріктілер, білім ошақтарының ұжымы қосылған. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына қызметтік иттер мен дрондар қолданылып келеді.

Жедел басқару орталығына қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталған.

«Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет сөйлесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын білдік. Сондай-ақ, Інжу абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны белгілі болды. Қазір іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақыртылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда 11 жасар қыз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар