Jańalyqtar
Түркістанда жоғалған 14 жасар қыз Алматыдан табылды
2019 жылғы 12 желтоқсан 09:32
Бөлісіңіз:

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы полицейлері анасына ескертпестен Алматы қаласына қыдырып кеткен 14 жасар қызды үйіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияның хабарлауынша, Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өз арызында кәмелет жасына толмаған қызы түнгі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.
«Із-түссіз жоғалған 14 жасар қызды іздеуге барлық тиісті шаралар қабылданды. Іздестіру барысында, қыздың Алматы қаласында екені анықталды және Алматы-Жетісай бағытындағы автобуспен келе жатқаны белгілі болды», - деді полиция қызметі.
Тергеу барысында анықталғандай, қыз өзінің кәмелет жасына толған дос қызымен бірге Алматы қаласына кетіп, сонда таныстарымен қыдырған екен.
Тәртіп сақшылары оны аман-есен анасына табыстады. Сонымен қатар, анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
- Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды
- Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды
-
Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
-
Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER