Түркістанда жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімдігінің ахуалдық орталығының базасында төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жер сілкінісінен сақтануға арналған оқу-жаттығу өтті. Ауқымды шараға төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері мен құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сценарий бойынша ең алдымен облыс әкімдігі ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, барлық қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шықты. Жер сілкінісі орын алған жағдайда өрт оқиғасы, ғимараттардың құлауынан шығу жолдарды жабулар орын алуы, баспалдақтардың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. Тілсіз жаумен күреске 101– өрт сөндіру қызметі мен 112 құтқару қызметі шақыртылды.


Оқиға орнында жедел штаб құрылып, мамандар жарық жүйесін толығымен сөндірді. Ғимараттың барлық су жүйелерін тоқтатты. Жоғары қабатта өрттің ушығуына байланысты бірнеше азамат 4 қабаттың балконына және ғимараттың шатырына шығып, көмек сұрады. Барлығы құтқарылып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.


Ал «Шұғыл құтқару жасағы» кинологиялық қызметімен бірге ғимарат ішінде қалып қойған немесе ес-түссіз қалған азаматтарды көмектесу мақсатында итпен іздестіру жүргізді. Орын алған шартты өрт сөндірілді. Сейсмикалық жаттығуға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 11 техникасы мен жеке құрамының 30 қызметкері тартылды.


Соңғы жаңалықтар