Түркістанда жеке азаматтарға берілген жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Түркістан қаласына қарасты  ауылдық жерлерде  кезінде жекеге сатылып не болмаса  ұзақ мерзімге жалға беріліп кеткен жайылымдық жерлер мемлекет мұқтаждығы үшін кері қайтарылады. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов  Түркістанда өткен жиында айтты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Жер мәселесі талқыланған жиынға қала әкімі мен сондағы жер бөлімінің мамандары,  жергілікті шаруалар қатысты. Жиында сөз алған басқарма басшысының   жерлері кері қайтарылатын ауыл тұрғындары құралақан қалмайды деп сендірді. Яғни, бұл азаматтарға  лайықты қаржысы немесе  басқа жақтан жер телімі беріледі. Созақбай Әбдіқұлов бұл шара соңғы уақытта дауға айналған жайылым мәселесін оң шешу үшін қолға алынғанын атап өтті. Ол сондай-ақ жиналғандарды жерге қатысты заңдағы жаңа өзгерістермен де таныстырды. Оған сәйкес, бұдан былай ауыл маңындағы жайылым жерлер ешкімге жалға берілмейді. Мемлекет меншігінде болып, халықтың ортақ үлесіне айналады. Дегенмен  бұл жұмыстардың нақты қашан басталатыны белгісіз. Себебі, қазір Үкімет оның жобасын нақтылауда. Қолға алынған шаралар өз нәтижесін  берсе, әр ауданның даму жағдайы ескеріліп, аукцион арқылы сатылатын жерлердің көлемі белгілі болмақ. 

Жиында сондай-ақ Түркістан қаласындағы жер қатынастары бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстарға да талдау жасалды. Алдағы жоспарлар нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар