+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістанда жастар форумы өтті

2019 жылғы 1 желтоқсан 21:55
Бөлісіңіз:
Түркістанда жастар форумы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Dıalog. Senim. Bolashaqqa nyq qadam» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар мен студенттер жыл сайын аталмыш форумда бас қосып, шаһардың өсіп-өркендеуін талқылайды. Бұл жастардың - бизнес, өнер және технология саласында өздерін толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасатын алаңы, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповпен ашық әңгімелесуге бірден-бір мүмкіндік.

Шарада көтерілген сұрақтар: Медиакеңістікті пайдалана отырып бизнесті қалай жүргізуге болады? Сүйікті ісің арқылы пайда таба аласыз ба? Бизнесті қалай бастаймын? Франшиза дегеніміз не? Бизнеске салатын қаржыны қалай табуға болады? Краудфандинг арқылы 15 000 доллар жинау мүмкін бе?

Өздерінің жетістікке жету жолындағы тәжірбиелерімен бес кәсіпкер бөлісті. Олардың арасында белгілі блогерлер командасы TJokers - Жансерік Қадырбаев, StudyON лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы - Шахноза Нышанқұлова бар. Ш.Нышанқұлова әлемдік супер-жұлдыз Lady Gagaмен бірге істеген жұмысы, Канададағы өз стартапы және Шымкент қаласында іске асырып жатқан жобаларымен таныстырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT