Түркістанда жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі талқыланды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзу мен балалар суициді мәселелері талқыланды. Өңірдің прокурорлары мен білім саласының өкілдері бас қосқан жиынға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б.Абдрасилов пен профессорлық-оқытушы құрамы, полиция департаменті мен қоғамдық даму басқармасының басшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, жуырда ғана Түркістан облысының прокуратурасы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Осы келісім негізінде ұйымдастырылған кездесуде қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелер мен әлеуметтік маңызы бар құқықбұзушылықтарды сөз етті.
Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен суицид, алименттер, алаяқтық және басқа да мәселелер талқыланды.
Облыс прокуратурасының арнайы топ жетекшісі А.Нақыпбеков бұл қылмыстардың алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Оның сөзінше, бүгінгі таңда прокуратураның бастамасымен полиция департаментінде мамандандырылған тергеу тобы жұмыс істейді. Ал, облыс прокуратурасында осы бағыттағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін арнайы топ құрылған. Қазір осы бағытта бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда.
Атқарылған жұмыстар осы саладағы жағдайдың жақсаруына оң әсер тигізген. Биылғы 9 айда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 5,8%-ға, ал оларға қарсы қылмыстар 9,2%-ға төмендеген.
Кездесу соңында облыс прокуроры бірлескен іс-шаралар жоспарын орындауға жауапкершілікпен қарап, белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге шақырды.
- ҚР Президентінің кеңесшісі Алматы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
- Алматылықтар Сұлтан Сартаевты соңғы сапарға шығарып салды
- Берешегі бар азаматтардың елден шығуына шектеу алына ма - ҰБ жауабы
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
-
Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
-
Түркістанда имамдар форумы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам