Түркістанда жаңадан су қоймасы салынды

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңадан «Қарашық» шағын су қоймасы салынды. Енді осы су қоймасы арқылы 350 гектардай жерге су жеткізіліп, үш елді мекен тұрғындары егістігін суғара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы қоры 2 млн текше метр  суды сақтауға қауқарлы қойманың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде мұндай нысандардың саны болашақта артатынын жеткізді
null 

«Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null 

Айта кетерлігі, 2016 жылдың қыркүйек айында басталған «Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-ы жүргізген. Құрылыс нысанын салуға қазынадан 471,4 млн теңге жұмсалып отыр. Бүгінде су қоймасы ел игіліне беріліп, алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде бақша дақылдары егілетін болды.
null null 

Соңғы жаңалықтар