+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Түркістанда жаңа және дәстүрлі медиа тақырыбында форум өтті

2019 жылғы 27 қазан 01:06
Бөлісіңіз:
Түркістанда жаңа және дәстүрлі медиа тақырыбында форум өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан «Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты медиа форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Оңтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің басшылары ынтымақтастық перспективаларын белгіледі Елбасы Президент жұмысына араласпайды - Дәурен Абаев елдегі «қос билік» қауесеті туралы Отандық БАҚ-ты қолдау жұмыстары жүріп жатыр - Ләззат Сүйіндік

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен форум Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен және облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтті.


Келелі басқосу еліміздің басты басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналды. Форумда бір ғасырлық тарихы бар газетте еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, басылымның бүгінгі жаңашыл қадамдары үлгі етілді. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген белгілі журналистер республикамыздың бас газетінің торқалы тойына құтты болсын айтты. Ал, форум жұмысын жүргізіп отырған Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің құттықтау хатын оқыды.

«Бүгінгі ақпарат айдыны өте шапшаң дамуда. Осындай сындарлы кезең замана көшіне ілесіп қана қоймай, кез-келген қиындықтардан жаңашылдықпен жол тауып, тың пікірлермен заманауи тілмен айтқанда креативті идеяларға арқа сүйеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда медиакеңістікте тер төгіп, ақпарат саласының қазанында қайнап жүрген қызметкерлердің басын қосу, тәжірибе бөлісудің маңызы өте зор. Тек Түркістан ғана емес, республиканың бірнеше өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлерінің басын қосқан бүгінгі медиафорумның алға қойған мақсаты – осы салада жүрген мамандардың тәжірибесін ұштау, құнды пікірлерді алға қарай ілгерілету деп есептеймін», - делінген Басқарма төрағасының құттықтау хатында.

Алқалы жиынға Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев қатысып, журналистика саласында туындап жүрген келелі мәселелерді қоғады. Белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт «Егеменнің» ел тарихындағы ерекше орны мен бүгінгі өзгеше бағыты туралы әңгімеледі. Жас журналистерді жаңашылдыққа, өз міндетін атқаруда жауапкершілікке үндеді. Ал, «Egemen Qazaqstan» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Хамит Есаман басылымның бүгінгі бағытына, жаңа айдарларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Форумда «Заң медиа» ЖШС-і бас директоры Досымбек Қонысбек пен «Отырар» медиахолдингінің директоры Әйгерім Жұмағұлова, «Оңтүстік рабат» газетінің редакторы Жәнібек Нұрыш пен Жамбыл облыстық «Арай» газетінің бас редакторы Дәулет Төленді «Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» тақырыбында ой толғады. Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы мемлекеттік сатып алу, газетке жазылу және басқа да мәселелер бойынша өз көзқарасын ашық айтты. Сондай-ақ «Фейк жаңалықтар индустриясы: зардабымен күресу жолдары» тақырыбы да қызу талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Басқосудың аясында Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстық, Шымкент қалалық филиалдары және «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі арасында бірлескен меморандумға қол қойылды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT