Түркістанда жаңа үлгідегі автобустар жолға шықты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа үлгідегі автобустар жолға шықты. Қоғамдық көліктерді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көріп, онда орнатылған заманауи жүйенің жұмысын тексеріп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһарға жеткізілген қоғамдық көліктерде жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. SAZ LЕ-60 маркалы 20 жаңа көлікті «ТехПрофАвто» ЖШС «Самарқанд» автомобиль зауытынан арнайы тапсырыспен алдырған. Жақын күндері тағы 30-ы келеді деп күтілуде. Жайлы да жаңа автобустар қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыра түсірмек. Қоғамдық көліктер 25 жолаушыға лайықталған. Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жасақталған. Түркістан қаласында 300-дей қоғамдық көлік 21 тұрақты бағытқа жолаушылар тасымалдайды. Сондай-ақ Түркістанда бір үлгіде безендірілген жаңа таксилер де жолға шықты. Заңды автотасымадаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп – тұруы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елімізде жасалған жаңа да жайлы 20 көлік «Уassy taxi» брендімен сапалы қызмет көрсетуге дайын.


Соңғы жаңалықтар