Түркістанда жаңа туған сәбиге екі күн бойы ота жасалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары асқазанынан қан кетіп туған нәрестені құтқарып қалды. Кішкентай Рамазанға жарық дүниеге келген сәттен бастап екі күн бойы ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігі асқынумен өткен.

Сондықтан жүкті келіншек босану кезінде қатты қиналыпты. Салдарынан сәби гипоксиямен дүниеге келді.

Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастаған. Гемоглобині де өте қатты төмендеп кетіпті.

№1 облыстық перинаталдық орталығы мен облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада ота жасауға шешім қабылдады.

«Асқазанның идиопатиялық жарылуы — жаңа ту ған нәрестелерде сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Баланы тасымалдау өте қауіпті болды. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге көмек қолын созды», - дейді хирург Сұлтанғали Сарыбаев.

Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ота жасалды. Қазіргі таңда Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты.


Соңғы жаңалықтар