Түркістанда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында 2 420 нысанның құрылысы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жеке қаражат есебінен - 2 057, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан салынып жатыр. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов мәлім етті. Оның айтуынша, заңдық нормалар мен талаптарды бұза отырып салынған әрі нұсқамалар талаптарын орындамаған 356 нысан иелеріне қатысты шара қолданылған.

«Бюджет есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарында 114 мердігер мекемесіне және 14 жобалаушы мекемеге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылды, жалпы 15,6 млн теңге айыппұл салынды. Инжинирингтік қызмет көрсету талаптарын бұзған 19 техникалық қадағалаушының аттестаттары 6 айға тоқтатылып, 8,2 млн теңге айыппұл салынған», - деді Мерлан Керімжанов.
null 

Бұдан бөлек, өңірдегі «қызыл сызыққа» өтіп салынған нысандарды тексеру барысында жергілікті әкімдіктердің құрылыс салуға жер телімін беру кезінде жол жиегінің «қызыл сызығын» және санитарлық қорғау аймақтарының ара қашықтықтарын сақтау талаптарын бұзғандығы анықталып отыр.

Аталмыш басқарма қызметкерлері бұдан басқа мониторинг жүргізу барысында аудан, қала әкімдіктерінің хаттары мен жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша қадағалау, тексеру жүргізіп жатқанын мәлім етті. 

null 

Соңғы жаңалықтар