Түркістанда Яссы бағы бой көтереді
«Түркістанның тарихи орталығын қалпына келтіру бойынша Әзірет Сұлтан музей-қорығының әрбір нысанын дамытудың тұжырымдамалық жоспары әзірленді. Қолданыстағы материалдарды барынша сақтай отырып Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі жаңартылды, Қазақ хандарының ресми қабылдаулары өткізілген – Үлкен Ақсарай залы сол заманның ұлттық нақышында реновацияланды», - деген министр.
Оның айтуынша, кесене мен Жеті Ата қақпасының арасынан өтетін магистралды көше қайта төселіп, қолөнер дүкендері мен шеберханалар қалпына келтіріліп жатыр. Ғ ылыми-қалпына келтіру жұмыстарымен қатар кесене аумағын абаттандыру да қарқынды жалғасып жатыр.
«Соның шеңберінде көлеңкелі дәліздерді, орындықтарды орналастыру, сондай-ақ кесененің бүкіл аумағын ландшафтық сәулетпен, субұрқақтармен, ашық айвандармен (далан) жақсарту арқылы келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ Яссы бағын құру көзделеді және осылайша тарихи ландшафтты жандандыру жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.