Түркістанда «Ясауитану-2018» халықаралық байқауы басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Астана қаласының 20 жылдығы мен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында XXII «Ясауитану-2018» халықаралық байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикалары мен еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сегіз облыстан келген 41 оқушы қатысуда. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған халықаралық білім және өнер сайысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімінен хабардар екенін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және музей ісін насихаттауға атсалысады.

Екі кезеңнен тұратын байқауда оқушылар Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін еш мүдірмей, қатесіз жатқа айту жағынан сайысқа түседі. Екінші кезеңде сұрақ-жауап түрінде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді. Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен, ал оларға жетекшілік жасаған ұстаздар арнайы сертификатпен марапатталмақ. 

Айта кетейік, жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауы 1996 жылдан бастау алады. Аталған жылы қала мектептері арасында ұйымдастырылған сайыс 2006 жылы ауданаралық, 2007-2008 жылдары облыстық, 2009-2015 жылдары республикалық, 2016 жылдан бастап халықаралық деңгейде өтуде.  

null

null  

Соңғы жаңалықтар