+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркістанда волейболдан облыстық чемпионат өтті

2020 жылғы 25 ақпан 04:08
Бөлісіңіз:
Түркістанда волейболдан облыстық чемпионат өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Балуан Шолақ спорт кешенінде волейболдан облыстық чемпионат өтті. Тартысты өткен бәсекеге өңірдің барлық аудан-қалаларынан командалар жиналып, бақтарын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Стенд ату: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді Қазақстан дзюдодан Еуропа жастар кубогын сәтті бастады

Жасөспірім ұлдар арасында өткен жарыс бұл жолы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа жалпы саны 21 командақұрамында 300-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.


Сонымен қатар, бұл жарыс бұқаралық спортты өңірде дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды нашақорлықтан қорғау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Чемпионатта спортшылар екі жас ерекшеліктері бойынша бақтарын сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады.

2003-2004 жылы туған жастар арасында жүлделі үшінші орынды Түркістан қаласының волейболшылары иеленді. Ал, екінші орын шардаралықтарға бұйырды. Сайрам ауданының өрендері қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға тұрақтады. Жарыстың көркін қыздырған ойын 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.
Бұл жас ерекшелігінде Шардара ауданының спортшылары ешкімге дес бермеді. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданының волейболшылары өзара бөлісті. Енді жеңімпаз атанған командалар Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT