+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Түркістанда ұлттық валюта күніне орай теңгелер көрмесі ұйымдастырылды

2019 жылғы 15 қараша 13:02
Бөлісіңіз:
Түркістанда ұлттық валюта күніне орай теңгелер көрмесі ұйымдастырылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен теңгелер көрмесі ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болған 843 мың адамның атында жылжымайтын мүлік бар Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның урбандалу деңгейі жоғары Түркістан облысында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ғылыми конференция өтті

«Тәуелсіздік нышаны-төл теңге» атты көрмеге музей қорында сақталған 1993 жылғы қағаз ақшалар мен металл теңгелер қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Н.А.Некрасов атындағы №9 мектеп - гимназиясында өткен шара 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды. Шараға ұстаздар мен оқушылар қатысып, төл теңгеміздің бірнеше түрін тамашалады. Металл ақшалар қатарында мерекелік теңгелер де қойылған.

Музей мамандарының айтуынша, қорда сақтауға алынған нумизматикалық жәдігердің жалпы саны 13600-ден асады. Ондағы ескерткіштердің өзі ішінара негізгі және көмекші қор жәдігерлері болып бөлінген. Негізгі қор жәдігерлері қатарына археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған нумизматикалық табыстар, көмбелер, сирек кездесетін нумизматикалық жәдігерлер енген. Жәдігерлердің көпшілігі белгілі нумизмат-ғалымдар тарапынан зерттеліп, ғылыми айналымға қосылған.


«Біздің қорымызда 18 дана алтын, 500-ге жуық күміс жәдігерлер сақталған. Алтын жәдігерлердің 15 данасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында соғылған Моңғол империясы ақшалары. Құнды металдардан соғылған ақшалардың барлығы дерлік республикалық сынамдау палатасында тексеріліп, құрамы анықталған. Бүгін біз 1993 жылдан бастап айналымға енген теңгелер мен тиындардан көрме ұйымдастыруды жөн санадық. Оқушыларға қолданыстағы және қолданыстан шыққан ақшалар жайлы түсініктеме беріліп, тарихы айтылды. Тарихи деректерді тыңдап, білуге балалардың қызығушылығы зор», - деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қор сақтаушысы Толқын Жолдасов.



Көрмеден соң «Қазақстан территориясындағы ақша айналымы» тақырыбында лекция өтті. Онда Қазақстан территориясының ерте ортағасырдан бүгінгі күнге дейінгі нумизматикалық тарихы жайлы сөз қозғалды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT