Түркістанда УЕФА талаптарына сай жаңа стадион салынып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадион салынуда. Нысан құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүргізіп жатыр. Стадион биыл мамыр айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7000 адам сыятын атшаптырым стадионда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер салынуда. Спорт кешені пайдалануға берілген соң бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Прьемер-Лига, Бірінші және Екінші Лига командаларының ойындары өтеді деп жоспарланған.

Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.


Сонымен қатар Түркістан облысы спортының дамуына үлес қосатын «Жабық бассейні бар спорт сарайының» құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Бассейнді «Рetroleum Operating» компаниясы салып, ел игілігіне беруді жоспарлап отыр.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев салынып жатқан әлемдік деңгейдегі орталық стадион мен жабық бассейннің құрылысымен танысып қайтты. Заман талабына сай жабық бассейнде ұлттық құрама мүшелері мен облыс спортшылары жаттығатын болады.





Соңғы жаңалықтар