Түркістанда «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында «Түркістан - адалдық алаңы» атты жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті. Аталмыш жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен орталық органдардың аумақтық департамент басшылары мен облыстық басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті ұйымдастырды. Басқосуға сондай-ақ облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы мен кеңселік жоба қызметшілері қатысты. Жобаның таныстырылымы барысында оның мақсатына тоқталды. Айтуларынша, онда Түркістан облысында қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мен жемқорлық деңгейін төмендету, сонымен қатар қоғам арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру көзделген. Шарада осы жоба жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев пен облыс әкімінің орынбасы Мәлік Отарбаев, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Ерлан Мұстафа баяндама жасады.

«Жобаны жүзеге асыру барысында келесі салаларды қамту көзделіп отыр. Мәселен, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аталған салалар бойынша «білім», «денсаулық сақтау», «халықты әлеуметтік қолдау», «сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары», «мемлекеттік кірістер органдары», «сот және құқық қорғау органдары», «бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі» тәрізді бағыттар қамтылады. Сонымен қатар, жоба барысында талдау немесе жетілдіру объектісі болатын мемлекеттік мекемелерге және де, қоғам өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық, зерделік жұмыстар жүргізу көзделіп отыр», - деді Ғалым Тұрсынбаев. null

Жиында бұдан өзге, алдағы уақытта атқарылатын қызметтердің жұмыс барысы талқыланды. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев барлық басқармалар мемлекеттік қызметті көрсетуде азаматтарға қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырды. Сонымен қоса, ашықтық пен мемлекеттік қызметкерлердің әдебін көтеру керектігін атап өтті.null

Айта кетейік, аталған жобаны биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру көзделуде. Өз кезегінде, жобалық кеңсенің жұмыс атқару мерзімі Агенттік төрағасы мен облыс әкімінің бірлескен шешіміне сәйкес ұзартылуы мүмкін.

null

Соңғы жаңалықтар