Түркістанда Түркі әлемінің орталығы ашылады - Жансейіт Түймебаев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары,  халықаралық ұйымдардың  өкілдері мен тарихшылары қатысты. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия  ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырған конференцияда аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани және мәдени орталығына айналу бағытында жұмыстар басталғанын мәлімдеді.

«Таяу уақытта Түркістанда Түркі әлемінің орталығы бой көтереді. Мұнда бүкіл Түркі дүниесінің ойшылдары мен ағатушыларының, ғалымдарының еңбектері қойылып, ғылыми жетістіктері көрсетіледі. Елбасы ұсынған «Түркі әлемінің 100 есімі» жобасын Түркістанда жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар.  Облысымыздың тарихи орындарын «Түркі әлемінің киелі жерлері» тізіміне енгізу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, Түркістанда Түркі кеңесі жастарының құрылтайын өткізуге де дайынбыз.  Қазір жұмыр жер бетінде 200 миллионнан астам түркі тілдес бауырларымыз бар. Егер саяси, ғылыми және рухани бірлігіміз мығым болса, бұл үлкен күшке айналады. Жаһандану заманында біз бірге болып, қиындықтарға бірге төтеп беруіміз қажет. Бүгінгі түркологтардың басқосуы осы сенім үдесінен шығады деген ойдамын. Түркі әлемінің орталығы Түркістанымыз осындай игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайын!», - деді Жансейіт Түймебаев.null

Бүгінгі конференцияда сонымен қатар, «Түркі әлемінің киелі жерлері», «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық отырыстар өтуде. 

Соңғы жаңалықтар