Түркістанда туризм қалай дамиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы туризмді дамытуда Өзбекстан тәжірибесіне арқа сүйейтін болады Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі туризмнің барлық нысаны - жекеменшік. Нарықтық ұстанымға байланысты баға өзгеріп тұрады. Бағаны төмендетудің жалғыз жолы –бәсекелестік. Бізге туризммен айналысатын бизнесмендерді, кәсіпкерлерді көбейту қажет. Бұл орайда Өзбекстанның өте жақсы тәжірибесі бар. Олар әрбір ауылға бағдарлама жасаған. Тұрғындар үйлерін шағын қонақ үйге айналдырып, оған заманауи реңк берген. Барлық қолайлы жағдай жасаған, қонақтарға қызмет көрсетеді. Оларға пайызсыз несие береді, басқа да жеңілдіктері бар», - деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында.

Осы ретте Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарымен тәжірибе бөлісу жайында сөйлескенін айтты.

«Біздің адамдар ол жаққа барады. Меніңше, бұл тәжірибе облысымызда, әсіресе табиғат мүмкіндік беретін жерлерде таратуға лайықты», - деді облыс басшысы.


Соңғы жаңалықтар