Түркістанда туристік полицейлер 4 тілде еркін сөйлейді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңадан туристік полиция құрылды. Тәртіп сақшылары киелі шаһарда шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етіп, оларды толғандырған кез келген сұрақ бойынша ақыл-кеңес береді. Келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, бұл шара ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасына және ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасына сай жүзеге асырылған. Жаңа бөлімнің ашылуына облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары А.Сейдуалиев арнайы келіп, жаңа мекеменің жақсы нәтиже көрсететініне сенім білдірді.null

«Бүгінгі таңда Түркістан облысы полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады. Оның бесеуі - Қ.А.Ясауи кесенесінде болса, қалған бесеуі - Отырар ауданы полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр нысанда модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылып, жұмыс режимі бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған және «Tourist Polise» жазуы бар формамен қамтамасыз етілген»,- деді А.Сейдуалиев.

Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттерімен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген. Тарихты біліп, туристердің туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, қызмет жасайды.

Туристік полицейлер сондай-ақ, шағын көліктермен және керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Полицейлер қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерін жетік меңгерген. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің және Түркістан қаласының тарихы туралы жақсы біледі. Оларды сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да шет тілдерін үйрететін кустарға жіберу жоспарланып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар