Түркістанда тұрғындардың шағымын қабылдайтын бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының әкімдігінде бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын 109 қызметі заманауи техникалармен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байланыс орталығы операторлармен және қажетті мамандармен толыққан. Қала әкімдігі бұл жүйе арқылы жергілікті тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға келіп, уақыт жоғалтпауының алдын алмақ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алмақ. Яғни, қала әкімі мен әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына келіп түскен пікірлер ішіндегі сұраным, өтінім мен шағымдарды аталған 109 қызметі тіркеп отырады.

Одан өзге, шағымдарға жауап беру нәтижесінде әкімдіктің қызметкерлеріне, яғни қала әкіміне және орынбасарларына пайыздық көрсеткіш беріледі. Ол орынбасарлардың құзіретіне кіретін жауапты бөлімдердің шағымдарға назар аударуы нәтижесінде белгілі болады. Мұны көруге арналған лэд-экран облыс және қала әкімінен өзге 109 бірыңғай байланыс орталығында және арнайы бағдарламада ашық көрсетілмек.

Айта кетейік, техникалық түрде қараша айында іске қосылған жүйеде қазіргі таңда мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 99 пайызы шешімін тапқан.

Қазірде 109 - байланыс орталығының Instagram (@turkistan109), Telegram (Turkistan 109) WhatsApp (87071093109), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары және «Amazing Turkistan» қосымшасында ашылған бөлімі өтінімдерді қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар