Түркістанда тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынбақ

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтына жарияланды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қауіпі жоғары кезеңдер болып есептеледі», - делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Айта кетейік, таяуда Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды.


Соңғы жаңалықтар