Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында 3 жылдың ішінде 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс еш уақытта мұндай көлемдегі баспананы пайдалануға берген емес. Егер алғашқы екі жылдың ішінде Түркістан қаласында шамамен 40 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылы ғана 3 жылдың қорытындысында 700 мың шаршы метр баспана салынды. Шағын және орта бизнес те үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінде жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызды құрайды. Облыс бюджеті барынша жоғары қарқынмен өсіп келеді. Үш жылыдң ішінде бюджет 893 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ол 2018 жылы 450 мың теңгені құраған болатын», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында.


Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, стратегиялық шешімнің қабылдануының арқасында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы қарқынды дамуға ие болды.




Соңғы жаңалықтар