Түркістанда тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге артты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 89 тұрғын үйдің құрылысы бюджет есебінен жүріп жатыр. Алдағы уақытта алты мыңдай отбасы қоныс тойын тойлайды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың баяндамасы тыңдалды.

Өткен жылғы пандемияға қарамастан, Түркістан күрделі жағдайда болса да дамып келеді. Былтырғы жылдың қаланың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болды. Жыл қорытындысымен 336 пәтерлік 7 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдаудан өткен. Барлық үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға берілді. Желтоқсан айында жеті қабатты бес тұрғын үй пайдалануға берілген.

Кестеге сәйкес, 12 көпқабатты тұрғын үй биылғы жылдың сәуір айына дейін толық аяқталады. Қазір онда 500-дей жұмысшы, 8 техника жұмыс істеуде. Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығындаға қалған 77 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі.


Соңғы жаңалықтар