Түркістанда тұңғыш рет акватлоннан жарыс өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы су спорты кешенінде облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің акватлоннан ашық біріншілігі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киелі шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған жүзу мен қашықтыққа жүгіру кезеңінен тұратын сайысқа оңтүстік өңірі аймағынан 100-ден астам жас жеткіншек қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында бас төреші Любовь Белоус пен спорт кешенінің меңгерушісі Ғалымжан Құдияров сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Облыс орталығында алғаш рет өткізілген спорт аламанында 2003 және 2010 жылдар аралығында туған жасөспірімдер бақ сынады. Жарыс қорытындысы жүлдегерлер арнайы медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, олимпиадалық спорт түрі саналатын треатлоннан акватлонның айырмашылығы – тек шайтанарбамен сайыс кезеңі енгізілмеген.

Соңғы жаңалықтар