Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Түркістанда «Туған жер» жобасы арқылы спорт нысандары көбейіп келеді

2019 жылғы 20 шілде 08:46 240
Бөлісіңіз:
Түркістанда «Туған жер» жобасы арқылы спорт нысандары көбейіп келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Алтын ұям» жобасы бойынша спорт нысандары көбейіп келе жатыр. Бүгінде кәсіпкер әрі демеуші азаматтар туған ауылдарына жаттығу және футбол алаңдарын, спорт кешендерін салуды жақсы үрдіске айналдырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: Ресей құрамасының шабуылшысы 4 жылға дисквалификацияланды Тимур Хайдаров пен Мерей Медетов әлем чемпионатында бестікке енді Батысқазақстандық дойбышыға халықаралық гроссмейстер атағы берілді

2019 жылдың сәуірінен бері өңірде 10 спорттық нысан ашылып, біреуі толық жөндеуден өткен.

Мәселен, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде спорт кешені салынса, Таскескен елді мекенінде шағын футбол алаңы ашылған. Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде футбол, волейбол, баскетбол алаңы және балалар алаңшасы пайдалануға берілген.

Сондай-ақ осы ауданда жабық футбол кешені жұмысын бастады. Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде «Түзелбек ата» жабық спорт кешені ашылды. Оған демеушілер 20 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Осы аудандағы Қарақұм және Бөген ауылдарында да спорт кешені мен футбол алаңы бой көтерді. Төлеби, Шардара аудандарында да спорт кешендері ашылды. Түркістан облысы аумағында алдағы уақытта да «Туған жер» жобасы аясында осындай игі істер жалғасын табады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT