Түркістанда «Туған жер – алтын бесігім» атты суретшілер байқауы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында «Туған жер – алтын бесігім» атты суретшілер байқауы өтті. «Арбат» алаңында мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан – қауіпсіз қала» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан шара Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
«Ішкі жан дүниедегі қуаныш пен өкініш, мәнді де мағыналы сәттерді қылқалам күшімен қағаз бетіне жазу мен оны көпшілікке оғындыра білу – тамаша қасиет. Әр картинаның өзіндік алар орны, тарихи мәні, келер ұрпақтың қажетіне жаратарлық құндылығы бар десек, артық айтқандығымыз емес. Ал, кез келген елдің атақ-даңқын шығаратын – сол елде туып өскен талантты тұлғалары мен дарынды жастары екені белгілі. Біз оларға осы күннен бастап қолдау көрсететін болсақ, болашақта әлемге танылатын суретшілер атанарына сенім мол», – деді қала әкімінің орынбасары.
Байқауда жас суретшілер Түркістан қаласының кез-келген көрікті жерлері мен мәдени орындарын бейнеледі. Ал, әділ қазылар жүлдегерлерді анықтау барысында олардың ой ұшқырлығына, идеялық мазмұнына, композициялық шешіміне, шеберлігіне баса мән берді. Нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің өнер факультетінің 4-курс студенті Ш.Тажиметова бас жүлдеге ие болып, өзге қатысушыларға да алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
- Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді
- Қызылордалық оқушы қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты
- Димаштың онлайн концертін 100 елдегі жанкүйерлер тамашалады
- Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды
-
Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
-
Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам