+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Түркістанда «Төле би» телехикаясының тұсаукесер көрсетілімі аншлагпен өтті

2019 жылғы 19 маусым 11:00
Бөлісіңіз:
Түркістанда «Төле би» телехикаясының тұсаукесер көрсетілімі аншлагпен өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының бір жылдығы мерекесі аясында «Төле би» телехикаясының тұсаукесері өтті. Түркістан қаласында ұйымдастырылған телехикаяның тұсаукесер көрсетілімі аншалагпен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында өткен іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрдаулет Исабек ашып, облыста кино өнеріне зор үлес қосып жүрген өнер майталмандарына алғысын білдірді. «Төле би» тарихи фильмінің тұсаукесері елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

«Бұл «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» КММ-нің бірлесіп түсірген бірінші және соңғы фильмі емес. Тек облысымыздың мақтаныштары ғана емес, сонымен бірге еліміздің мәдениет саласына, оның ішінде кино өнерінің тың идеяларымен жаңаша дамуына үлкен үлес қосуда. Осындай жаңа дүниелермен кинофильмдер қоржынын толтыра беріңіздер»,- деді басқарма басшысы.

Іс-шараға сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Төле би» фильмінің көркемдік жетекшісі Сатыбалды Нарымбетов пен телехикаяның сценарисі, жазушы - Шойбек Орынбай, фильмнің бас режиссері Батырхан Дәуренбеков, Төле би рөлін сомдаған - Сағындық Жұмаділ, Төле бидің жігіт кезін сомдаған талантты актер - Абзал Төлен, тағы да басқа барлық актерлар мен түсірілім тобы, «САҚ» киностудиясының шығармашылық ұжымы қатысты. Көрсетілім соңында басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы бірқатар өнер иелерін облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттады. Көрермендер жаңадан жарыққа шыққан көркем фильмді ерекше ықыласпен тамашалап, тарқасты.


null
null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT