Түркістанда тарихи орындар жайлы мәлімет беретін мобильдік қосымша іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен тарихи тұлғалар және киелі орындар жайлы мәлімет алатын мобильдік қосымша іске қосылды. Android платформаларына арналған қосымша ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосымшаны қолданушылар ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне әрі тарихи құнды жəдігерлермен таныса алады. Оларды сақтау мен қорғау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын 3D-тур арқылы тамашалау мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттарды біле алады. Музейдің директорымен блогы арқылы байланыс орнатып, онда түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет сұрауына болады. Сондай-ақ, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетсек, «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы қорында 25000 дана құнды тарихи жəдігерлер бар. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография жəне нумизматикалық тобына жататын жəдігерлер кездеседі. Ал, аталған қосымшаны Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар