Түркістанда «Тағзым», «Тазару», «Балалар» күндері аталып өтіледі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандықтар Наурыз мейрамы қарсаңында апта бойы тағылымды шараларды тамашалайды. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асылхан Темірханұлының сөзіне қарағанда, Түркістан төрінде бастау алатын мерекелік іс-шаралар 14 наурыздан басталады. Облыстағы этнос өкілдерімен бірлескен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар тарту етіледі. Өңірдегі кітапханаларда «Менің елім күндей нұрлы Қазақстан», «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда кітап көрмелері өтеді.

«15 наурыз «Тағзым күніне» орай дүниеден өткен азаматтардың рухына құран бағышталып, құрбандық шалынады. Бұл күні мерекелі, берекелі Наурыз той», «Наурыз - жыл басы» атты мәдени іс-шаралар аталып өтіледі. Сондай-ақ, «Дін имандылық ұйытқысы» атты тақырыптарда кездесу кештері өтетін болады» - деді басқарма басшысының орынбасары. null

Ал, 16 наурыз «Тазару күні» аудан қалаларда сенбілік ұйымдастырылмақ. 17 наурыз «Көктем шуағы күніне» байланысты спорттық ойындар киелі Түркістан қаласында сағат 10-00 ден кешкі 18-00 ге дейін жалғасады. 18 наурыз «Көктем өрнектері күні» деп аталып, қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерді және көшелерді мерекеге сай безендіру қолға алынады.null

«19 наурыз «Балалар күнінде» цирктік және театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерекеге орай тәтті тоқаштар мен балмұздақ таратылады деп жоспарлануда. 20 наурыз «Бірлік күні» аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, дастархан жайылады»,- деді Асылхан Темірханұлы.null

Ал, 21 наурыз «Наурыз» мерекесі күні облыс әкімінің қатысуымен сағат 10-00 де «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған мерекелік іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланған. Сол күні 19-00 де «Есімхан» алаңында гала концерт қойылмақ. 22 наурыз «Наурыз» мерекесі жұма күні Түркістан облысында мерекелік іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер және концерттік бағдарламалар мен ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар