+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

2019 жылғы 20 тамыз 23:23
Бөлісіңіз:
Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы қалалық әкімдік қызметкерлерімен кездесуде осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы-1 стансасының бастығы пара алғаны үшін сотталды «Ғарыш-Экология» орталығының басшысы есепте жоқ қызметкерлерге 3 млн теңге аударып отырған Индустрия министрлігі шенеунігінің үстінен тергеу басталды

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы қоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті.

150-ге жуық қызметкерлер қатысқан кездесуде әлеуметтік салаларда, оның ішінде көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны белгілеу, жер учаскілерінің нысаналы мақсатын өзгерту мен мектептерде заңсыз ақша жинау туралы ақпараттар департаменттің WhatsApp мессенджеріндегі сенім телефонына көптеп келіп түсіп жатқандығы айтылды.

Кемшіліктердің жүйелілігіне байланысты, департаменттің бастамасымен аталған салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні жеткізілді.

Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізуге барған қызметкерлерге сыйлық беруге және қызмет көрсетуге болмайтынын қатаң ескертіп, заңбұзушылыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етті.

Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызметшілерді сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен киелі өңір атына кір келтірмеуге шақырды.

Шара соңында қатысушылардың қоғамдық санасына әсер ету құралы ретінде облыста, оның ішінде Түркістан қаласында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT