Түркістанда сұйытылған газ бағасы 65 теңгеге дейін төмендейді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында сұйытылған газ бағасы 65 теңгеге дейін төмендейді - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтып өтті.

«Түркістан облысындағы Түркісан мен Кентау қаласында сұйытылған газ 65 тенге болып бекітілді. Қазір кәсіпкерлер ескі қалдықтарды бұрыңғы бағамен сатуда. Алдағы уақытта бүкіл облыста сұйытылған газ бағасы 65 теңге болады» - деді Сәкен Қалқаманов. Ал, шекті бағалар сақталмаған жағдайда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершікке тартылады. Қазір Түркістан облысындағы жағдай тұрақты. Дегенмен, Төтенше жағдай қатаң бақылауда. Облыс шекараларымен аудан, қалаларға кіре беріс аумақта блок бекеттер қойылған. Әрбір көлік жіті тексерілуде. Қоғамдық көліктер уақытылы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар