Түркістанда Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында «Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті. шараны ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Ұлы тұлғалар мен ұлттық өнер арқылы руханияттың жаңғыруына атсалысу және жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысымызды сіңіре отырып, төл өнерді насихаттау - концерттің басты мақсаты болды.

Концертті облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев құттықтау сөзбен ашты.

«Созақ ауданында дүниеге келген атақты күйші, сазгер Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Ол туралы Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Сүгірдің күйлерін кеңінен насихаттап, халық жадынан өшірмеуге бірден-бір атсалысып жүрген мәдениет және өнер адамдарының еңбегі ерен. Әрдайым өнердің биігінде болып, шығармашылықтарыңыздың дами беруіне тілектеспін!», - деді ол.

«Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кешін өткізуге мұрындық болған «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі Халықаралық «Жұбановтар әуені» байқауының лауреаты екенін атап өткен жөн.

Бұл тағылымы мол концертте Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев, Бөрі Иса, Әлімбек Қонысбеков, Қасымбек Сарымбетов, Батырхан Рыспанбетов сынды композиторлардың күйлері, шығармалары орындалды.

Соңғы жаңалықтар