Түркістанда суармалы жерлерді пайдалану мәселелері талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты көшпелі отырысы Түркістанда өтті. Отырысқа ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.null

Шарада Көксарай су реттегіші мен Бөген су қоймасының жұмысымен және шаруа қожалықтарының суармалы жерді тиімді пайдалану аясында өсіріп отырған бау-бақшалары таныстырылды. Сондай-ақ, суармалы жерді ұлғайту жобалары мен жерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды.

Көшпелі отырыс 2 күнге жоспарланған. Бірінші күні су нысандарының жұмысымен және суармалы жерді тиімді пайдаланып отырған шаруа қожалықтарымен танысса, ал екінші күні 100-ден аса ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен тауар өндірушілері қатысумен отырыс өтті.

Жиында Түркістан аймағындағы 63,3 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз ететін жалғыз су нысаны «Бөген» су қоймасы арқылы жеткізілетін, ұзындығы 145 шақырым құрайтын Түркістан магистральды каналдың жағдайы қаралды.

Сонымен қатар, Түркістан магистральды каналын толығымен ағын сумен қамтамасыз ету үшін, Сырдария өзенінен су өткізу қабілеті секуындына 20 текше метр, 3 көтермелі сорғы стансасы, ұзындығы 53,2 шақырым (20,7 шақырымы - жер арық, 17 шақырымы - құбыр, 15,5 шақырым бетонды) болатын машиналық канал салу нәтижесінде, қосымша 80 млн текшеметр ағын су жеткізіледі.

Бұдан басқа, сыйымдылығы 16 млн текше метр құрайтын «Кеңсай-Қосқорған 2» су қоймасын салу ұсынылды. Сонымен қоса, Кентау қаласының аймағында ұзындығы 54,8 шақырым болатын Түркістан магистральды каналдың бөлігін бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы 60 млн текше метр фильтрациялық ағын суды үнемдеу күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан қаласын сумен қамтамасыз етуде жер асты суының маңызы зор. Қазіргі таңда, жарамсыз болып қалған 145 ұңғыманы қайта қалпына келтіру арқылы 34,7 млн текше метр ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілмек. Нәтижесінде, жылына қосымша 3755 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. 189,7 млн текше метр ағын су тапшылығын шешуге қол жеткізіледі.null

Соңғы жаңалықтар