Түркістанда су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласы елдімекендерінде су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды. Өңірдің төтенше жағдай қызметкерлері «Түйе асты» және «Шаға» ауылдарының маңайындағы су басу ықтималы бар аумақта дайындық жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Рашид Аюпов қатысқан шарада жергілікті төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мен жауапты мамандар дайындық деңгейін көрсетті. Су тасқыны болған жағдайда атқарылуы тиіс іс-әрекеттерді пысықтап, арнайы жаттығу өткізді.

Айтып келмейтін апаттың алдын алу мен гидротехникалық құрылғылар және арық дренаж жүйесінің дайындығы тексерілді. Жауапты мамандар мен сала басшыларының сөзіне сенсек, аймақтағы жағдай бірқалыпты, бәрі қатаң бақылауға алынған. ТЖД қызметкерлері көктемгі қызыл сумен күреске тыңғылықты дайындалғанын көрсетті.

Сондай-ақ, алдын ала әзірленген жанармай, су жолын бөгеу заттарының қоры, елді мекендердегі арықтарды тазалау барысы туралы баяндалды.

Қала әкімі Рашид Аюпов осы салаға жауапты мамандар мен төтенше жағдайлар қызметінің жауапкершілігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар