Түркістанда студент қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда студент қызды тонап, зорламақ болған күдікті бір айдан кейін ұсталды. Оны жедел іздестіру шараларын  Облыстық ІІД  Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, қылмыстық оқиға қыркүйек айында орын алған еді. Ясауи кесенесінің жанында белгісіз біреу жас қыздың ізіне түсіп, оның ұялы телефонын тартып алған. Артынша зорламақ болған еді. Абырой болғанда қызды жергілікті тұрғындар құтқарып, жедел жәрдем шақыртқан. Бұл көрініс әлеуметтік желілерге де тарап кеткен болатын. Осы оқиғадан кейін полицейлер сезіктіні ұстауға кірісті. Із кесушілер өңірдің әрбір ауданын тексеріп, барлық облыстарға күдіктінің бағыттамасы жіберілді. Өйткені, оның облыс аумағынан шығып кетуі мүмкін деген болжам болған. Нәтижесінде қазан айының басында сезікті Алматы қаласынан ұсталды.

Қазіргі таңда  аталған жайт бойынша  ҚР ҚК-нің «Зорлауға оқталу» және  «Тонау» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар