Түркістанда соңғы бір аптада 709 адам ерікті түрде вакцина салдырған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында соңғы бір аптада 709 адам ерікті түрде екпе салдырған. Бұл туралы қалалық әкімдік ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тағы 400 мемлекеттік және 122 полиция қызметкері вакцина қабылдаған. Шаһарда бүгінгі күнге дейін 5190 адам бірінші компонентті вакцина салдырып, екінші компонент алғандар саны 1215-ке жеткен.

«COVID-19-ға қарсы вакцина егу мақсатында 10 егу бөлмесі және бір жылжымалы бригада жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығына 23-28 сәуір аралығында 7000 вакцина әкелініп, ерікті азаматтарға салуға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда Түркістан қаласына бөлінген вакцина толығымын қабылданған» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысы вирус жұқтырғандар саны бойынша «жасыл аймақта» қалып отыр.


Соңғы жаңалықтар