Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Түркістанда шекарадан қомақты қаржы алып өтпек болғандар құрықталды

2022 жылғы 8 маусым 19:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, олар Қазақстан заңнамасындағы қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзбақ болған.

«6 мауысымда «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан бағытындағы жолаушылар терминалында қолжүгін рентген-телевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, Тәжікстан азаматынан кедендік декларацияда көрсетілмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша іс қозғалды», - деп жазды ведомстводан.

Осыған дейін, 18 мамырда «Атамекен» кеден бекетінде өзімен бірге 10 мың доллар, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталған. Оған кеден бекеті мен ҰҚК шекара қызметкерлері бірлесіп тосқауыл қойды. Бұл дерек бойынша жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 20 мамыры күні осы кеден бекетінде орын алған оқиғаны да мәлімдеді. Кедендік бақылау кезінде Ресей азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған. Бұл іс те Мақтаарал аудандық сотына жолданды.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары