Түркістанда шаруаларға өнімдерін экспортқа шығаруға рұқсат берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында шаруаларға өз өнімдерін экспортқа шығаруға рұқсат берілді. Бұл туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауылшаруашылығы өнімдерін сыртқа саудалауға шектеулерге берілген болатын. Ендігі жерде бұл шектеулер алынып тасталғанын жеткізді. Өйткені оңтүстікте өсірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ішкі нарықты толық қамтып, басым бөлігі артылып қалатыны белгілі. Сондықтан сала басшылары оларды көрші ел нарығына еркін тасымалдау туралы келісімге келген.

«Бүгіннен бастап тауар өндірушілер шетелге болсын, өзіміздің облысаралық нарыққа болсын өнімдерін тасымалдауға, сатуға ешқандай кедергі жоқ. Ол үшін аумақтық инспекциялардағы мемлекеттік карантин инспекторлардың барлығына арнайы тапсырма келді. Ол тауар өндірушілердің өнімдері шетелге кеткен жағдайда фитосанитарлық сертификат, ал облыстарға жіберілсе карантиндік сетрификат беріледі»,- дейді Нұрбек Бадырақов.

Сонымен қатар ауылшарушылығы өнімдерін тиеген жүк көліктері жолда бөгелмес үшін облыстық басқарма арнайы «Бізбіргеміз» логотипін дайындаған. Сала мамандарының сөзінше, бұл белгілер фитосанитарлық сертификат алған тауар өндірушілерге беріледі. Оның үстіне мұндай белгісі бар жүк көліктерін транзиттік жолда да көп тоқтатпайды.


Соңғы жаңалықтар