Түркістанда шаруаларды қолдауға арналған сауда үйі ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев алғаш рет кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру мен қарқынды бау шаруашылығын дамыту, егіндік жерлерді тиімді пайдалану мен тамшылатып суару жүйелері жайы айтылды. Бордақылау алаңдары мен су қоймаларын салу туралы мәселелері көтерілді. Іскер азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдаған облыс әкімі өңірді дамытуға бағытталған кәсіпкерлердің бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын екендігін атап өтті.

«Мемлекет пен бизнестің күшін біріктіру арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сіздердің жұмыс барысындағы ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз міндетті түрде ескерілуі керек. Біз нақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ, біз сіздердің аймақтың дамуына қандай үлес қоса алатындарыңызға көз жеткізуіміз керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.
null

Өңір басшысы сондай-ақ, кәсіпкерлерді өз идеялары мен жобаларын белсенді түрде ұсынуға шақырды. Облыс орталығының даму жоспарлары туралы айтты.

Түркістан қаласында шаруаларды қолдауға арналған арнайы сауда үйі ашылатынын жеткізді. Осындай шараларды тоқсан сайын өткізіп тұру туралы ұсынысын білдірді. Өз кезегінде шаруалар шетелден келетін шикізаттарды жеңілдетілген бағамен алып, мамандар тапшылығын шешу қажеттігін айтты.
null

Жиын соңында Өмірзақ Шөкеев нәтижелі шешім қабылдау үшін барлық айтылған сұрақтар егжей-тегжейлі зерттелетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар