Түркістанда «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Қазақстан халқының татулығын дәріптеуге арналған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы жазбалар бойынша үздік деп танылғандарға бағалы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел арасындағы толеранттылықты жетілдіру арқылы этносаралық татулық пен бірліктің нығаюына атсалысып, өз көзқарастарын әлеуметтік желілерде жариялауда белсенділік танытқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Барлығыңызды алдағы келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!»,-деді облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімі басшысының міндетін ақарушы Мадина Камеденова.

Жиын соңында жеңімпазарды Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысқан ерекше журналистер мен блогерлерді атап өтті. Олардың шығармалары «Шаңырақ журналистер клубының» әлеуметтік желі парақшасында жарияланғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар