+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістанда шағын және орта бизнестегі өнім көлемін ұлғайту жайы талқыланды

2019 жылғы 3 желтоқсан 12:40
Бөлісіңіз:
Түркістанда шағын және орта бизнестегі өнім көлемін ұлғайту жайы талқыланды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің тапсырмасымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту» тақырыбында жиын өтті. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Статистика, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты. Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен түйінді мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары талқыланды.

Кәсіпкерлер тарапынан бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту үшін бақылау-кассалық машиналарын орнату керектігі айтылды. Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау төлем аппараттарын орнату мәселесі қозғалып, электронды сауда бойынша азаматтарды оқыту мен жарнамалау мәселесі қарастырылды.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4%-ға (141606) артқан. ШОК субъектілерінің жалпы санында шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі - 50,2% (71148), дара кәсіпкерлер - 44% (62282), шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар -5,8%(8176). 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында ШОБ субъектілерінің өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,2%-ға (189 517 млн) артқан. 2019 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша жұмыспен қамтылғандар саны тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,4% (207706 адам) құраған» делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кірістер департаменті және кәсіпкерлер палатасының қатысуымен кәсіпкерлер арасында бақылау-кассалық машинасын орнату қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдары өз тарапынан жыл соңына дейiн тиiстi шараларды қабылдайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT