Түркістанда санитарлық талапты сақтамаған нысан иелеріне 150 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қоғамдық бақылау мүшелерінен құрылған арнайы мониторингтік топтар бас санитария дәрігерінің қаулысының орындалу барысына бақылау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қаладағы нысандардың карантин талаптарын қалай орындап жатқандығын рейд жұмыстары барысында 53 мобильді топ тексерген. Мобильді топтар 5 шілде мен 10 қазан аралығында 30 мыңға жуық нысанды аралаған. Тексеру жұмыстары барысында мобильді топтар 3701 нысанның карантин талаптарын бұзғанын анықтады. Осыған қарай, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 150 млн 217 470 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Той-томалаққа тыйым салынғанына қарамастан өңірде жекелеген азаматтар келін түсіріп, қыз ұзатып, жиын өткізуді тоқтатпай тұр. Мобильді топтың тексеруімен жалпы 236 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, той уақытынан бұрын тоқтатылды» -делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар