Түркістанда салынып жатқан жаңа мешітке сәулет үлгісінің ерекше тәсілдері қолданылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында 5 мың орынға арналған мешіт салынып жытар. Өзбекстан Республикасының Түркістанға тартуы ретінде бой көтеріп жатқан құлшылық үйіне сәулет үлгісінің ерекше тәсілдері қолданылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда жаңа нысанда тас қалау, күмбезді монтаждау жұмыстары аяқталған. Әрлеу, монтаждау, электрмен қамту және өзге де жұмыстары атқарылуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы құрылыс нысандарын кезекті аралау барысында осы нысанның жай-күйімен танысты. Өңір басшысы облыс орталығындағы Яссы көшесі бойында желілік саябақтың құрылыс барысын да бағдарлады. 11 гектарға орналасатын саябақты жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда абаттандыру, жаяу адамдарға арналған жолдар мен веложолдар салу, көшет отырғызу және оған су арнасын жүргізу 100 пайызға аяқталған.

Сонымен бірге Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінде де құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 500 адам жұмыспен қамтылған. Биыл қыркүйек айында іргетасы қаланған үйлер 2022 жылы көктемде беріледі деп жоспарланған. Облыс әкімі бастаған топ Бекзат Саттарханов атындағы спорттық-сауықтыру кешеніндегі қарекетті де шолып шықты. Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін реконструкциялау және 320 орындық қосымша ғимараттың іргетасын қалау, бірінші қабаттағы тірек қабырғасын тұрғызу жұмыстары 100 пайыз аяқталған. Құрылыс және монтаж жұмыстары жобаға сәйкес орындалуда, жобадан ауытқулар жоқ. Нысан 2022 жылы беріледі. Спорт ғимаратының құрылысын сапалы жүргізуді тапсырған Өмірзақ Шөкеев жауапты лауазым иелеріне бірқатар тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар