Түркістанда прокурорлардың араласуымен мемлекет қаржысы қазынаға қайтарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында прокурорлардың араласуымен бюджет қаражаты мемлекет меншігінде қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 24 сәуірде Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына «StarStroi» ЖШС-не 125 611 753 теңге және мемлекеттік баж салығына 3 768 352 теңге төлеу жөнінде үкім шығарған. Яғни, сот «StarStroi» компаниясының талап-арызын қанағаттандырып, мемлекеттік мекемеден негізсіз иеленіп алған қаржыны қайтаруды талап еткен. Мұндай шешім қабылдауға серіктестіктің 125 611 753 теңгеге жұмыс атқарғаны негіз болған.

«Алайда, шартқа сәйкес серіктестіктің аталған сомаға тапсырыс берушімен бекітіліп, орындалған жұмыстар актісінің ұсынылмағаны және кәсіпкерлік тәуекелге барып, мемлекеттік сараптамадан өтпеген жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізгені бірінші сатылы соттың назарынан тыс қалған» дейді облыстық прокуратура.

Прокурордың апелляциялық өтініші негізінде сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюшы «StarStroi» ЖШС-нің талап-арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды. Нәтижесінде қадағалаушы орган мемлекеттің 125 611 753 теңгеге шығындалуына жол бермеді.



Соңғы жаңалықтар