+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Түркістанда прокуратура қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  семинар-кеңес өтті

2019 жылғы 21 қараша 01:38
Бөлісіңіз:
Түркістанда прокуратура қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  семинар-кеңес өтті

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістанда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға бағытталған семинар-кеңес өтті. Басқосуға прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының шұғыл қызметкерлері мен соттар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарда облыс прокуроры қылмыстық істерді қарау барысында мемлекеттік айыптаушылар сотқа дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, заңға сәйкес негізді әрі заңды сот қаулысының қабылдануына барынша үлес қосу қажетігін атап өтті. Бұл мақсатта мемлекеттік айыптаушылардың іске қатысу деңгейін одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, жиында жыныстық тиіспеушілік, зорлық және кәмелетке толмағандарға жасалып отырған құқық бұзушылықтар бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екені айтылды.

Бұл мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев «Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың сотта қарау ерекшелігі» тақырыбында дәріс оқып, аталған қылмыстық істерді сотта қарау барысындағы проблемаларға тоқталды.

Соттармен пікір алмасу арқылы проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау мен кемшіліктерге жол бермеу, азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ой пікірлер мен тұжырымдар жасалынды. Кездесуде сот ісін жүргізу тілінің сақталмайтыны, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың сотта қарау ерекшелігі айтылды. Нәсіпқұмарлық сипатындағы сексуалдық қылмыстарды тергеп-тексеру мен қаралу ерекшеліктері, алимент борышкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тарту практикасының жоқтығы туралы проблемалар көтерілді. Оны шешу жөнінде методикалық әдістемелер дайындау жөнінде ұсыныстар жасалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT