USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Түркістанда Президенттік шақырымға жүгіруден жарыс өтті

2021 жылғы 1 желтоқсан 15:27
Бөлісіңіз:
Түркістанда Президенттік шақырымға жүгіруден жарыс өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» ұранымен Президенттік шақырымға жүгіруден бұқаралық жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан арена» стадионынан өткен жарысқа мыңға жуық спортшы қатысты.

2,4 шақырым қашықты жүгіру нәтижесінде кентаулық Ардашер Захидинов мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Екінші болып түркістандық Бағдәулет Абдурайымов келсе, үздік үштікті Кентаудан келген сайыпқыран Дадажан Суннатуллаев қортындылады.

«Бүгінгі мерекелік жарысқа ерекше шабытпен келдім. Екі жарым шақырымға жүгіру қатты қиын болмады. Ең бастысы жеңіске деген жігеріңіз алғашқы кезекте тұруы тиіс», - дейді жарыс үздігі А.Захадинов.

Шара соңында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұқаралық жарысқа қатысқан жұртшылыққа алғыс айтты. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және жарысқа белсене қатысқан бірқатар азаматты алғыс хаттармен марапаттады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қайрат Зайнишев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT