Түркістанда «Президент шыршасы» тойланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласында өткен «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, балғындармен бірге лед-экраннан Ел Президентінің балаларды құттықтау сөзін тыңдап, шырша шамын жақты.

«Бүгін, Сіздер, елімізде үрдіске айналған «Президент шыршасына» қатысудасыздар! Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның жарқын болашағы - Сіздерге деген үлкен құрметі. Аяулы жас достар! Сіздердің білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасып, заман ағымына бейімделгіш, бәсекеге қабілетті болып жетілулеріңіз үшін мемлекет барлық мүмкіндіктер мен игі шараларды атқаруда және атқаратын болады. Ендігі таңдайтын жолдарыңыз - ғылым жолы болсын! Білім шыңынан көрінуге бет түзер болсаңыз, онда одан қаймықпай беліңді бекем бу. Өйткені, білім мен ғылым жолы - қызығынан гөрі қиындығы мол, асу бермес, асқарлы белі бар, өткел бермес асау өзені бар ауыр жол. Ал, біздің тәуелсіз елімізге ауырды ауыр деп қайыспай көтеретін, еңсесі биік, өресі кең, ділі таза, дені сау, кемелденген ақыл ойлы, парасатты жастар қажет. Мен сіздердің әрқайсысыңыздың осындай азамат болуға талаптанатыныңызға сенімім мол!», - деді Жансейіт Түймебаев.null

Елбасы атынан әр балаға ноутбук, қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Дәстүрлі түрде жыл сайын мемлекет басшысы атынан ұйымдастырылатын бұл шара осы күні, осы уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған өңіріміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар қатысты. null null  

Соңғы жаңалықтар