Түркістанда полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын қамауға алынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын 7 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, ер адамның жол бойында тұрған полиция қызметкерлеріне дөрекілік танытып, балағаттаған бейне өрнісі facebook әлеуметтік желісінде тарап кеткен болатын. Онда ашуға булыққан азамат тәртіп сақшыларын төбелеске шақырып, намыстарына тиетін сөз айтқан. Алайда полиция қызметкерлері ешқандай әрекет жасамай, оған қарап тұрған. Бүгін осы көрніске байланысты облыстық ПД тарапынан тәртіп бұзушыға шара қолданылып, әкімшілік жазаға тарқаны белгілі болды.

«Әлеуметтік желіге жарияланған бейнекөріністегі жағдай бойынша қажетті іс-шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда аталған жайт Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша тіркеліп, тәртіп бұзушы 7 тәулікке қамауға алынған» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар